Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қостанайда стансадан шыққан алапат өрттен екі адам күйіп қалды

AstanaTV
10.03.2024ж. 07:41
301
Қостанайда стансадан шыққан алапат өрттен екі адам күйіп қалды

Қостанайлық өрт сөндірушілер 2 қабатты ғимараттағы ашық отпен арпалысып жатыр. 

Қостанай қаласы Қайырбеков көшесі, 455 мекенжайында 290 шаршы метр алаңда техникалық қызмет көрсету станциясы өртеніп жатыр.

Өрт сөндірушілер көлемі 27 литр 5 газ баллонын шығарды.

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамынан 40-қа жуық адам және 12 техника жұмыс істеп жатыр.

Өрт сағат 21:11–де оқшауланды.

Жедел жәрдем зардап шеккен екі адамды ауруханаға алып кетті.