Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Шымкентте тұрғын үйдің шатыры өртенді

AstanaTV
11.03.2024ж. 09:42
537
Шымкентте тұрғын үйдің шатыры өртенді

Шымкентте 22 жастағы жігітті күйік шалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, 10 наурызда сағат 15:18-де Шымкент қаласында тұрғын үйдің шатыры, гараж және жеңіл автокөліктің өртенгені туралы хабар түсті.

170 шаршы метр аумақтағы өрт сағат 15:40-та оқшауланып, 16:13-те сөндірілді. Өрттің салдарынан 2002 жылы туған ер адам күйік алып, ауруханаға жеткізілді, - делінген мәліметте.

Оқиға орнына ТЖД және Апаттар медицинасы орталығының 20 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды.