$525.87 €614.37 ₽6.72
×

Алматы тауларының баурайында бәйшешек бүр жарды

AstanaTV
11.03.2024ж. 20:00
1083
Алматы тауларының баурайында бәйшешек бүр жарды

Алматы тауларының баурайында бәйшешек гүлдеді. Дала гүлінің көркіне тамсанатын дүйім жұрт оны көруге асығуда. Сирек кездесетін Бәйшешектің ерекшелігі -толық ерімеген қардың астынан ғажайып түсте бүр жарып шығады. Ол кез келген жерде өспейді. Көктемнің көркі саналатын гүлді табу оңай емес. Сұлулыққа тамсану үшін таулы аймақты біраз шарлап, азды-көпті аумақты еңсеруге тура келеді. Нәзік әрі сынғыш келсе де, бәйшешек суыққа өте төзімді -10 градусқа дейін шыдас береді. Алматылықтар жыл сайын осы ерекше өсімдікті тамашалау сәтін асыға күтетін көрінеді.