Бүгін атышулы Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтті. Сот отырысында әйелін сабап өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр тағылған айыпты мойындамады. Сот процессінің алқа билері мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен ашық өтуін талап етті. Ал оның адвокаттары істі қайтадан сотқа дейінгі тергеу деңгейіне қайтаруды сұрады. Сотқа Салтанат Нүкенованың да туыстары келген. Олар отырыс барысында шу шығарды. Неге? Отырыста қандай тың ақпараттардың беті ашылды? Толығырақ Аружан Задабек айтады.
Сот отырысының басталуына 1 сағат бар. Ажиатаж басталып кеткен. Елорданың Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының алдында кезекте тұрған адам көп. Бишімбаев бұған дейін алдын ала тыңдауға алқа билер мен БАҚ өкілдерінің қатысуын сұраған. Оның өтініші қабылданды. Процесс ашық өтті. Бірақ тек аты ғана. Түптеп келгенде, 80-ге жуық журналист отырыс залына кіре алмай кіре берісте біраз кідірді.
Судья - Айжан Құлбаева. Алдымен Прокурорға іс бойынша айыптау актісін оқыды. Ол Бишімбаев Нүкенованың әр адымын аңдып, тым көп шектеу қойғанын айтты. Бір емес, бірнеше рет қол көтерген. Тіпті жалаңаш суретке түсуді талап еткен. Сол фотолар арқылы әйелін өзіне байлап ұстауға ниеттенген. Нүкенова амалсыздан күйеуінің айтқанын орындауға мәжбүр болған, - дейді Айжан Аймағанова. Айта кету керек, күдікті мен марқұм арасында заңды неке болмаған. Осы сәтте сот отырысында Салтанат Нүкенованың туыстары шу шығарды. Судья олардан залды босатуын талап етті.
Кісі өлтірген күні Бишімбаев пен Нүкенова концертте болған. Екеуі сол жерде жанжалдасып, концерттің аяқталуын күтпестен, ғимараттан шығып кеткен. Сол күйі БАУ мейрамханасына қарай жаяу барған. Ресторанда төрт бөтелке шарап ішілген. Жанжал барысында Нүкенова Бишімбаевтан шаршағанын айтып, кетуге бекінген.
Айжан АЙМАҒАНОВА, ПРОКУРОР:
Қуандық Бишімбаев ашуланып, жұдырығымен дене жарақатын салған. Бишімбаев мас күйінде Нүкенованы іш киімінің үстіне өзінің күртешесін кигізіп, көлік тұрағына түскен. Мейрамхана қызметкерлерінің Нүкенованы соққыға жығылған күйде көргенін қаламағандықтан, үйге қарай көлікпен жүруді ұйғарған. Бірақ ол ғимараттан шыға алмай, тротуарға шығып кеткен, сол кезде оны автотұрақ күзетшісі көріп қалып, көлікті тоқтатқан. Содан сағат 07.00-де Нүкеновамен бірге мейрамханаға көтерілді. Содан кейін Нүкенованы еденнен көтеріп, басынан тағы да жұдырықпен ұрып, шашынан ұстап, №1 VIP бөлмесіне қатігездікпен сүйреп кіргізген.
Тағылған барлық айыпты естігеннен кейін Бишембаев мұнымен келіспейтінін айтты. Істің алқабилердің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен ашық өтсін деген өтінішін қайта еске салды.
Ал күдіктінің адвокаты істі қайтадан сотқа дейінгі тергеу деңгейіне қайтаруды талап етті. Бишімбаевтың Нүкенованы жұдырықпен ұрмағанын, тіпті теппегенін алға тартады. Денсаулығына ешқандай зиян келтірген жоқ. Бәрі абайсызды болған. Жасырын тергеу кезінде оның оқыстан болғаны дәлелденді, - деді.
Назкен Құсайынова, Қ. БИШІМБАЕВТЫҢ АДВОКАТЫ:
Құрметті сот Қ.Бишімбаевтың құқығы мен бостандығын қорғау мақсатында тағылған айыптар негізінде және алдын ала тыңдау сатысында қылмыстық істің материалдарындағы Қылмыстық-процестік кодекске қайшы тұстарын жоюға, прокурорға қайтаруды сұраймын. Сондай-ақ, соттың негізгі сот ісін ұйымдастыруға және оның шегін анықтауға құқығы жоқ. Осы орайда ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы және 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша қорғаушыны қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұраймын
Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Осылайша Қорғаушы тарап сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қайта бастауды және "қатігездікпен өлтіру" бабын "абайсызда өлтіру" бабына қайта саралауды сұрады. Ол бап бойынша айыпталушы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айырылуы мүмкін.