$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Пробациядан қашқан павлодарлық түрмеге қамалды

AstanaTV
12.03.2024ж. 07:42
628
Пробациядан қашқан павлодарлық түрмеге қамалды

Сотталушы бастапқыда ұрлық жасағаны үшін 2 жыл 6 айға бас бостандығы шектелген. Алайда пробация қызметкерлерінің талабын орындамай, жағдайын қиындатып алды.

Бұл туралы Павлодар облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінен хабарланды.

«Аққулы ауданының тұрғыны пробацияны бақылау қызметінен қашып кетті. 48 жастағы ер адам ұрлық жасағаны үшін 2023 жылдың қыркүйегінде 2 жыл, 6 айға бас бостандығынан шектелген. Сотта ол Аққулы ауылында тұратынын айтып, бас бостандығынан айырмауды өтінген. Алайда сот үкімінен соң пробация қызметіне келіп тіркелмеген. Ақыры біздің мамандар азаматқа іздеу жариялау туралы өтініммен сотқа жүгінді»,-дейді Аққулы аудандық пробация қызметінің бастығы Дастан Қилыбаев.

Жергілікті сот өткен жылдың желтоқсан айында ер адамға іздеу жариялау туралы қаулы шығарған.

Ал биылғы қаңтар айында айыпталушы ұсталып, тергеу изолияторына орналастырылды.

Сот шешімімен ол 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылып, орташа қауіпсіздік мекемесіне жазасын өтеуге жіберілді.