Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы алтыншы жолдамаға қол жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек Оралбай ширек финалда ирландиялық Киллиан Кессидимен жұдырықтасып, жеңіске жетті.
Есеп - 3:2.
Осылайша, Нұрбек Оралбай командаластары секілді Париж Олимпиадасына жол ашты.
Бұған дейін Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келіге дейін), Асланбек Шымбергенов (71 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) Париж Олимпидасына жолдама жеңіп алған еді.