$518.97 €607.3 ₽6.64
×

«Казцинк» 956 млн теңгеден астам экологиялық айыппұл төледі

AstanaTV
17.01.2017ж. 20:00
3155
«Казцинк» 956 млн теңгеден астам экологиялық айыппұл төледі

Шығыс Қазақстандағы «Қазцинк» серіктестігі қомақты экологиялық айыппұлды ақыры төледі. Тек оның сомасы, экология департаменті есептегендей 4 млрд емес, одан 4 еседей аз болды. Аймақтағы экология департаменті болса, мұнымен келіспейді.  Табиғатқа зиян келтірді деп танылған тау-кен кәсіпорны мұнша көп қаржыны төлеуді құп көрмеген. Олардың пікірінше, келген шығын көлемі одан аз. Сондықтан компания аудиторлық және экологиялық ұйымдардың өкілдерін шақырған. 5-ші қаңтарда сот жаңа деректерді ескере келе, экологиялық шығын көлемін азайтты.

Былтыр көктемде Филипповка мен Тихая өзендеріне лас суды ағызу орын алған еді. Жер астындағы ескі герметикалық құдықтардағы ақау келеңсіздікке себеп болған. "Қазцинктің" бас экологы Қазтай Тәкеевтің мәліметінше, 956 млн теңгеге жуық айыппұл төленген. Ал "Астана" арнасына берген сұхбатында экология департаменті басшысы іс мұнымен бітпейді деп отыр.

Дмитрий Кавригин, ШҚО экология департаментінің басшысы:

Қазір Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа қайта қарау бойынша кассациялық шағым дайындап жатырмыз. Өз ұстанымымызда қаламыз. Біздің ойымызша, бастапқы белгіленген шығын көлемі дұрыс есептелген. 

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ