Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Құлаққаппен ұйықтауды әдетке айналдырған әйел есту қабілетінен айырылды

AstanaTV
12.03.2024ж. 13:27
526
Құлаққаппен ұйықтауды әдетке айналдырған әйел есту қабілетінен айырылды

Қытайда екі жыл бойы құлаққаппен ұйықтауды әдет еткен әйел есту қабілетінен айырылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Oddity Central порталына сілтеме жасап.

Ванг есімді әйел есту қабілеті нашарлағанын байқап, құлағын тексеру үшін ауруханаға барды. Науқастың сол құлағында неврологиялық есту қабілетінің зақымдануы байқалған.

Дәрігер әйелден бас жарақатын алғанын немесе ұзақ уақыт бойы қатты дыбыста тұрды ма деп сұрады. Ванг екі жыл бойы құлаққаппен музыка тыңдап, ұйықтағанын айтты.

"Колледжде оқып жүргенімде музыкамен ұйықтағанды ​​ұнататынмын. Екі жыл болды, бұл әдетке айналды", – дейді қытайлық әйел.

Дәрігерлер Ванг енді есту аппаратын киюге мәжбүр екенін айтты. Мамандар құлаққаппен көп жүрмеуге кеңес берді.