Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Студент WhatsApp-тағы хабарламасы үшін өлім жазасына кесілді

AstanaTV
12.03.2024ж. 21:11
975
Студент WhatsApp-тағы хабарламасы үшін өлім жазасына кесілді

Пәкістанда WhatsApp хабарламасы үшін 22 жастағы студент өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оған құдайға тіл тигізді деген айып тағылып отыр. Іс бойынша айыпталушылар 22 жастағы студент Мұхаммед пайғамбар мен оның әйелдерін қорлайтын сөздер жазылған фото және видео жасағаны үшін өлім жазасына кесілді, 17 жастағы жасөспірім сол контентті таратқаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылады.

Шағымды үш түрлі ұялы телефон нөмірінен фото және бейнематериалдар алған жергілікті тұрғын жазған.