$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Елімізде жеке детективтердің қызметі туралы арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр

AstanaTV
12.03.2024ж. 20:00
966
Елімізде жеке детективтердің қызметі туралы арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр

Елімізде жеке детективтердің қызметі туралы арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр. Заң жобасы 5 тарау, 25 баптан тұрады. Детективтер көмекке жүгінген азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізе алуы мүмкін. Олардың қызметі ақылы болмақ. Ол келісімшарт жасау арқылы шешіледі. Сондықтан оларға лицензия беріледі. Жеке детективтерге қойылатын басты талаптың бірі- ішкі істер саласында 10 жылдан астам жұмыс істеген болуы тиіс. Бұған дейін бірнеше мәрте көтерілген заң жобасы араға жылдар салып қайта қолға алынды. 

Абзал ҚҰСПАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Қазақстанда жеке детектив туралы заң қабылданбады деп айтуға болады. 2000 жылдардың басында Мәжіліске 3 рет кіріп, үшеуінде де неше түрлі қарсылықтарға тап болып, қабылданбай қалған, былайынша айтқанда осы кезге дейін жолы болмай келе жатқан заң жобаларының бірі. Ол жерде әртүрлі себеп мүмкін енді заңның жобасы да шикі болуын мен жоққа шығармаймын. Бірақ белгілі бір дәрежеде олигархат қарсы қабылданбауына мүдделі болды деп айтуға болады.

Сарапшылардың айтуынша, жеке детективтер ел Конституциясы, әзірленіп жатқан «Жеке детективтік қызмет туралы» заң жобасын және басқа да нормалар мен актілерді қатаң сақтауы тиіс. Бұл заң жобасына өзгерістер енгізілуі мүмкін. 

Нұртай ИМАНҒАЛИЕВ, ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Бұл - негізі жоба. Сондықтан әлі өзгеріске түсуі мүмкін. Заң қабылданған жағдайда ҚР Парламенті жанындағы жұмыс топтары құрылып, сол жерге сарапшылар, эксперттер шақырылып, жаңа баптар әрқайсысы зерделеніп, таразыға салынатын болады.