Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Павлодар облысында 43 жыл бойы құжатсыз жүрген зейнеткер жеке куәлігін алды

AstanaTV
13.03.2024ж. 11:51
657
Павлодар облысында 43 жыл бойы құжатсыз жүрген зейнеткер жеке куәлігін алды

Зейнеткерден кәсібилігі мен жауаптылығы үшін Павлодар облысы Ертіс ауданы көші-қон қызметінің қызметкері Бақыт Ермекпаеваға бейнеөтінішпен алғыс білдірді.

"Мен Ертіс ауылында туып-өстім. 1974 жылы Кеңес армиясының қатарына шақырылып, Чехословакияда қызмет еттім. Демобилизациядан кейін Санкт-Петербург қаласында Киров зауытында жұмыс істедім, сол жерде төлқұжат алдым. 1981 жылы Алматы қаласына көшіп келдім. Көшу кезінде қызыл төлқұжатымды жоғалтып алдым. Құжатты қалпына келтіру мәселесі бойынша мен ешқайда бармадым. Осыншама уақыт бойы құжатсыз жүрдім", – дейді Бакен Жатенов.

Заңнаманы білмеу және өмірлік жағдайлар құжаттардың уақытылы дайындалмауына себеп болды.

"Құжаттың жоқтығынан бұл кісіде ресми жұмысқа орналасуға және медициналық мекемелерге жүгінуге мүмкіндік болмады", – деп атап өтті полицияда.