$539.54 €637.09 ₽6.52
×

Биыл Қазақстанда Наурыз мейрамы жаңа форматта аталып өтеді

Биыл Қазақстанда Наурыз мейрамы жаңа форматта аталып өтеді

Биыл Қазақстанда Наурыз мейрамы жаңа форматта аталып өтеді. Наурызнаманың онкүндігі жарияланды.Әр күннің өз атауы бар. 14 наурызда – Көрісу күні - Амал мерекесі тойланады. 15 наурыз – Қайырымдылық күні. Бұл күн қайырымдылыққа, мейірім мен тату көршілікке арналады. 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. 17 наурыз – Шаңырақ күні. Осы күні отбасылық құндылықтарымызды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. 18 наурыз – Ұлттық киім күні.

19 наурыз – Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды.20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Бұл күні елдің барлық аймақтарында ұлттық спорттан түрлі жарыстар ұйымдастырылады. 21 наурыз – Ынтымақ күні. Бұл күннің идеясы – жалпы халық бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырып, татулық пен бірлікті насихаттау. Ал, 22 наурыз – Жыл басы. Еліміздің барлық өңірінде жалпыхалықтық мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, стильді этноауылдар мен түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылады. 23 наурыз – Тазару күні деп жарияланды. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.

Сәбит БАРЛЫБАЕВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІНІҢ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Наурыздың бірегей логотипі бекітіліп, еліміздің барлық аймағына жіберілді. Тарихи тұрғыдан алғанда жаңа жылды тойлау 8-9 күнге жалғасқан оны «Наурызнама» деп атаған. Бұл туралы деректер ұлы философ-жазушыларымыз Махмұд Қашғаридің, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, Абай Құнанбайұлының, Мұхтар Әуезовтің еңбектерінде көрсетіліп, жазылған.

Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан Наурыз мерекесін тойлауға арналған жалпы республикалық жоспар әзірленген. Құжатта барлық форматтағы іс-шаралар қамтылып, 10 мыңнан астам іс-шара өткізіледі деп жоспарланған. Ал басты мереке 21 наурыз Астана қаласындағы ЭКСПО көрмесінің аумағында өтеді. Аталған мереке аясында киіз үйлер құрылып, түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.