Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Анна Данилина Чарльстон (АҚШ) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.
Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина – қытайлық Чжан Шуай бастапқы кездесуін бразилиялық Ингрид Гамарра-Мартинс – белоруссиялық Лидия Морозовамен өткізді.
Қазақстандық-қытайлық жұп 7:6 (7:4), 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 17 минутқа созылған бәсеке барысында олар 4 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жібермеді. Қарсылас дуэт 2 эйс, 2 брейктен (6 брейк-пойнт) аса алған жоқ.
А.Данилина – Ч.Шуай жартылай финалға шығу үшін америкалықтар Далайна Хьюитт – Мария Матеаспен таласады.