Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Оралдағы спорт нысандары мүгедектерге лайықталмаған - “AMANAT”

14.03.2024ж. 20:00
670
Оралдағы спорт нысандары мүгедектерге лайықталмаған - “AMANAT”

Оралда облыстық мәслихаттың депутаты қаладағы спорт залдарына кіре алмай жүр. Өйткені бұл ғимараттар арбамен жүретін мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықталмаған.

Мүгедектер өздерінің құқығы ескерілмейтініне өкпелі. Жүріп-тұруы қиын жандарға пандусы биік ғимаратқа кіру оңай емес. Ішке кірсе де, киім ауыстыратын жер, санитарлық бөлме мүлдем қолайсыз. Ал көзі көрмейтін мұңлықтарға арналған тактильді жолақ туралы айтудың өзі артық. “AMANAT” партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ұйымдастырған рейд кезінде осындай кемшіліктер анықталды.

Гүлмира БАТПАҚҰЛОВА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "АРБА" ҚБ ТӨРАҒАСЫ:

Бизнес саласы, кафе де бар. Дүкендер де бар, медицина саласы, спорт саласы, барлық жерде кездеседі. Парковка жоқ, мына жерден түсетін жері жоқ, келгенде кіреберісте мынау пандус та емес, скат та емес, стандартқа сәйкес келмейді. Оның бәрі де мүмкіндігі шектеуле жандарға кедергі болады.

Мониторинг тобы анықтаған кемшіліктер ұсынба түрінде осы мекеменің басшылығына жіберіледі. Осыдан кейін бұл нысандар тағы да тексеріледі. Бұл жолы сыннан сабақ алмаған кінәлілерді анықтап, жауапқа тарту мәселесі қарастырылады. Тексерушілер енді мұндай рейдтерді облыс аудандарында жүргізуді жоспарлап отыр.

Азима ҒҰБАШЕВА, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ БҚОФ ЖАНЫНДАҒЫ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Спорт кешендеріне келетін мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қызметкерлердің ақпаратты қаншалықты білетіндігі, сонымен бірге олардың қажеттілігін қанағаттандыру бағытындағы біліктілігі жөнінде де өзіміздің тарапымыздан ұсынбалар береміз. Мониторинг барысындағы кемшіліктер жөнінде ұсынбалармен қатар құзырлы мекемелерге де хаттамалық шешімдерді жолдайтын боламыз.