$516.93 €542.52 ₽4.98
×

"Құқықтық көмек": 6 мың адам көмек алған

AstanaTV
14.03.2024ж. 20:00
643
"Құқықтық көмек": 6 мың адам көмек алған

Елімізде «Кұқықтық көмек» жобасы іске қосылғаннан бері 6 мыңға жуық адам құқықтық сауаттылық бойынша кеңес алған. Астанада азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. «AMANAT» партиясының өкілдері, судьялар, сарапшылар мен заңгерлер халық арасында еңбек дауларын шешу, алимент төлеу және басқа да өзекті тақырыптарды қаузады. Қазір халыққа әлеуметтік-еңбек дауларын өз бетінше шешу жолдары түсіндірілуде.

Ардан АРАЛБАЙ,  «AMANAT» ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселесіне орай «AMANAT» партиясы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Түрлі сала мамандарымен халық арасындағы әлеуметтік-еңбек даулары мәселелері талқыланды. Бүгінде «Кұқықтық көмек» жобасын жүзеге асыру аясында «АМАNАТ» партиясы 2 жарым мыңнан астам азаматты қабылдады. Олар алимент, жалақының төленбеуіне, еңбек даулары бойынша қабылдауға келеді.