Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Қызылордалықтар Амал мерекесін ерекше атап өтті

Қызылордалықтар Амал мерекесін ерекше атап өтті

Амал мерекесін қызылордалықтар да ерекше сән-салтанатымен атап өтті. Жылдан аман шыққан халық бір-біріне құшақ жайып, ыстық ықыластарын білдірді. Жылы лебіздерін жеткізіп, ұлттық ойындардан сайысты.

Мәре-сәре болған халық бір-бірімен көрісіп, жаңа жылдың басталуымен құттықтады. Тілек-ниеттерін де жеткізді. Мал-жанның амандығын сұрасты. Бұл дәл осы мейрамдағы мейірім мен жылылыққа толы ерекше көрініс, жылдағы дәстүр.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Ежелден келе жатқан бір-бірімен көрісіп, бір-біріне амалын айтып бір-бірімен қауышуы. Қазақтың салт-дәстүрін, ежелден келе жатқан көрісу, амал дәстүрін халыққа жариялап, елге, келесі ұрпаққа көрсетіп жатқанына мың алғыс.
- Амалмерекесі үлкен көлемде аталып өтілуде. Барша қазақ елін, барша қазақтарды келіпжеткен осы атаулы Наурыз мерекесімен құттықтаймын.
- Қазақтың жаңа жылын жақсы қуанышпен, жақсы ықыласпен қарсы аламыз. Наурыз құт-берекесінәкелсін, денсаулығын, елге тыныштық берсін.

Мерекеде алғаш қадамдарын жасаған сәбилердің тұсауы кесіліп, үлкендер ақ баталарын берді. Арқан тарту, асық ату секілді ұлттық ойындардан өткен сайыс мерекенің көркін кіркізді.

Арқа-жарқа болған халық ерекше көңіл-күйде. Қала әкімі тұрғындарды ұлттық құндылықтарымызды айшықтай түсетін осынау ерекше мерекемен құттықтады.

Серік ҚОЖАНИЯЗОВ,ҚАЛА ӘКІМІ:

Амал мерекесі Әз-Наурыздың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы. Күпті көңіліміз жазылып, күткеніміз келген мерейлі мезет баршаңызға құт сыйласын. Тарихқа сүйенсек малмен күнелткен көшпелі халық Сырда қыстап, көктемнің келгенін осында күткен. Мизам шақта мәре-сәре халық бір-бірімен көрісіп қауышқан. Осылайша Наурыз тойы біздің өңірімізден бастау алған.

Меремекелік шара одан әрі әуезді әнмен, күмбірлеген күймен жалғасты. Осылайша қыстан аманшыққан халықтың көңілдері бір сергіп, игі дәстүріміз жаңғыртылды.