Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ауғанстанда аяздан көз жұмғандар саны 60 адамға жетті

AstanaTV
14.03.2024ж. 23:40
1740
Ауғанстанда аяздан көз жұмғандар саны 60 адамға жетті

Соңғы үш аптада Ауғанстанда 60 адам қаза тауып, тағы 23 адам қар мен жаңбырдан, аяздан зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 «1600-ден астам үй ішінара қирады, осы кезеңде 177 мыңнан астам ірі қара ауа райынан қырылды», - деді Ұлттық апаттарға қарсы күрес басқармасының өкілі Мулла Джанан Саик.

Оның айтуынша, апаттарға қарсы күрес басқармасы ұлттық және халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, елдің әр түкпіріндегі 22,4 мыңнан астам зардап шеккен отбасыларға азық-түлік, өзге тауарлар мен қолма-қол ақша берді.

Синьхуа хабарлағандай, жақында Ауғанстанның кейбір аудандарында қатты аяз болып, қалың қар жауды. Кейбір жерлерде температура минус 30 градусқа дейін төмендеді.