$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада адасып кеткен 8 жасар бала "SOS" дабыл түймесіне жүгінген

AstanaTV
15.03.2024ж. 07:38
1009
Астанада адасып кеткен 8 жасар бала "SOS" дабыл түймесіне жүгінген

Астана полицейлері адасып кеткен 8 жасар баланы ата-анасына табыстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда елордалық полиция қызметіне заманауи цифрлық технологияларды енгізу қоғамдық тәртіпті қорғауды, қамтамасыз етудегі мәселелерді оңды әрі тиімді шешуге, сондай-ақ азаматтардың барлық өтінішіне жедел ден қоюға мүмкіндік беріп келеді.

Осылайша, Көктал саябағында орналасқан "SOS" дабыл түймесіне жауап берген бала өзінің адасып қалғанын хабарлаған.

Оның қоңырауы бірден Жедел басқару орталығының полиция қызметкеріне қосылған. Сөйтіп бейнекамера арқылы қосылған жүйе барлық деректерді автоматты түрде жазып алып, хабарламаға жылдам жауап беруге мүмкіндік болған. Қоңырау қабылданып, дереу өңделген.