Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қарағанды облысында қоғамдық көліктегі тариф өзгереді

AstanaTV
15.03.2024ж. 10:00
875
Қарағанды облысында қоғамдық көліктегі тариф өзгереді

Қарағанды облысында облыс орталығы мен қалалар арасындағы автобус маршруттарына тарифтерді қайта қарау ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Жолақы электрондық төлем кезінде 80-нен 100 теңгеге дейін және қолма-қол төлем кезінде 200 теңгеге дейін көтеріледі. Сапар құнының өзгеруін облыстық мәслихат депутаттары кезектен тыс, ХІІІ сессияда бекітті.

Спутниктік қалалармен қалааралық маршруттардағы қолма-қол төлем кезіндегі тарифтер 2014 жылдан бастап қолданылады. Тарифтер бекітілген кезден бері шығындардың негізгі баптарының құны айтарлықтай өсті. Осыған байланысты бюджетке түсетін жүктемені азайту, сондай-ақ шығындарды азайту мақсатында қалааралық маршруттардағы тарифтерді қайта қарау ұсынылады: электрондық төлем кезінде 80-нен 100 теңгеге дейін және қолма-қол төлем кезінде 200 теңгеге дейін. Бұл ретте, жол жүру құнының өсуіне қарамастан, ұсынылатын тариф ONAY! жүйесі енгізілгенге дейін бұрын қолданыста болған тарифтерден аспайтынын атап өткен жөн. Тек Саран қаласы бойынша айырмашылық 5 теңгені құрайды, – деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Қожанов.

Ол соңғы төрт жылда автопарктер 400 жаңа автобус сатып алғанын атап өтті. Жаңарту жалғасады. Қарағанды – Теміртау арасында қатынайтын 107 бағыты бойынша шағымдар болды. Жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту үшін автобустар саны 10-нан 16-ға дейін өсті. Сонымен қатар, Майқұдық, Пришахтинск және Теміртау арасындағы 100 – ші маршрут қайта жанданды.

Автопарктер жүргізушілердің жалақысын 2,5 есеге – 400–450 мың теңгеге дейін арттырды, деп толықтырды спикер.

Оның ақпараты бойынша, Қарағанды облысында күн сайын 320 мыңнан астам жолаушылар сапары жасалады, оның ішінде облыс орталығы мен спутниктік қалалар арасында 35 мың. Электрондық төлемді енгізу жолаушылар ағынының ашықтығын қамтамасыз етті. Бүгінгі таңда қолма-қол ақшасыз төлемнің үлесі 96–98 % құрайды.

Тарифтер бойынша мәселе маңызды. Біз оны ұзақ уақыт бойы, соның ішінде сарапшылар қауымдастығында талқыладық. Ақпараттық жұмыс жүргізілді. Жолаушылар тасымалында оң өзгерістер бар. Автопарктерді жаңарту жалғасады. Сіздермен бірге біз тасымалдаушылардың қызметін қарастырамыз: депутаттарды сараптамалық кеңеске немесе жұмыс тобына қосуға дайынбыз, - деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.