Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Алматыда оқушыларды тасымалдайтын автобус жетпейді

AstanaTV
15.03.2024ж. 12:52
1208
Алматыда оқушыларды тасымалдайтын автобус жетпейді

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуінде аудан тұрғыны қалалық Білім басқармасынан №182 және №209 мектептерге қатынайтын автобус бөлуді сұрағанын айтты.

«Білім басқармасының басшысы Ләззат Әуесханқызы бұл мектептерге автобустар жүре алмайтынын айтты. Ерболат Асқарбекұлы, сізге үлкен өтініш, осы мәселені шешіп берсеңіз. Бұл мектептерде бала көп, мектепке қатынау да қиын», - деген өтінішін жеткізді аудан тұрғыны.

Бұл мәселе бойынша қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева жауап берді.

«Ерболат Асқарбекұлы, 1200 орындық №182-ші мектепте үш мың бала оқиды, 1500 орындық №209 мектепте 3800 бала оқиды. Сол себепті егер осы ауданнан басқа мектептерге автобустарды жіберу мәселесі болса оны қарастырамыз, ал басқа жақтан бұл екі мектепке автобустарды жүргізе алмаймыз. Себебі бұл мектептерде шамадан тыс бала оқиды», - деп жауап берді Ләззат Жылқыбаева.

Алматы әкімі Ерболат Досаев биыл Алатау ауданына қосымша 30 мектеп автобусы бөлінетінін жеткізді.

«Білім басқармасы сіз айтқан мәселеңізді мұқият тексеріп, қарап шығады. Автобустар бар, бірақ біз оларды керек жеріне жіберейік. Олар бойынша аудан әкімі де тексеріс жүргізіп, тиісті шешім шығарады», - деді Ерболат Досаев.