$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жастар жақсылық жасауға құштар

AstanaTV
15.03.2024ж. 20:00
857
Жастар жақсылық жасауға құштар

«Қайырымдылық», «ізгілік», «мейрімділік» деген ұғымдарды қазір қоғамда волонтерлар жақсы дәріптеп жүр. Мұқтаж жандарға қол ұшын созады, құлаған жанды демейді, ел басына күн туса алдыңғы шептен көрінеді. Және олардың дені-жастар. Жалынды жастар жақсылық жасауға құштар. 

Қайырымдылық жасау-халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Көмекке мұқтаж жанның жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы.

Қоғам үшін ең маңызды дүние – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік танытқан сайын өз өміріне де соншалықты жақсылық жасап, жақсылыққа қадам бастап жатқандығын ұмытпаса керек.

Ақерке Искандерова, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

«Жастар рухы» жастар қанатының волонтерлері әрдайым елде бір оқиға болған кезде ол Арыс болсын, Мақтаарал немесе карантин кезінде, осы жақын арада Абай облысында өрт болған кезде де әрдайым көмек қолын созып, барлық аймақтардан гуманитарлық көмекті жинап, соны үйлестіруге көмектеседі. Және де сол оқиға болған аймақтарда қайта құру жұмыстарына да көмектесіп жатады.

Влолонтерлар қоғамдағы әлсіз топтардың мұңын мұңдап, жоғын түгендеп жүр. Қызметіне ақы алмайтын еріктілер мүмкіндігі шектеулі және қорғансыз жандарға көмек беріп келеді.

Рамазан ЕРКІНБЕК,  ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Ардагерлерлі ардақтайық акциясы бүкіл республика бойынша зейнеткерлер қарт кісілерге көмектесіп. Қыста қарын тазалап, немесе үй жұмыстарына көмектесіп. Басқада жұмыстарына көмектесеміз. Кедергісіз келешек, мүмкіндігі шектеулі жандар. Анасыз мысалға басқа да қорғансыз өскен балаларға ерекше мейірімділік танытамыз.

Бүгінде ұйымның 25 мыңнан астам мүшесі бар. Кез-келген жастағы адам оның мүшесі болуға құқылы. Қайырымдылық жасап, игі істерге атсалыса алады.18 жастағы Фатима мен Кирилл ораза тұтқан жандарға мешітте құрма мен су таратты.

Фатима БАҚЫТХАН,  ВОЛОНТЕР:

15 наурыз мейрімділік күні қарсаңында, біз өзіміздің жастар рухы, жастар қанатының белсенділері болып. Рамазан айының қарсаңында, ораза тұтып отырған халыққа жалпы игі іс болсын деген ниетпен су мен құрманы әдемілеп ұсынуға осы Әзірет Сұлтан мешітіне келіп отырмыз.

Қайырымдылық жасау – қанымызда бар қасиет. Қазір республикада волонтер саны 200 мыңнан асады. Демек қоғам жігерлі, жомарт жандармен толығып келеді.