Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Келесі Құрылтай Көкшетауда өтеді

AstanaTV
15.03.2024ж. 17:17
735
Келесі Құрылтай Көкшетауда өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келісі Ұлттық құрылтайдың отырысы Көкшетауда өтетінін айтты.

Шын мәнінде, мұндай алқалы жиындарды аймақтарда өткізудің мән-маңызы зор. Сол арқылы облыстардың дамуына тың серпін береміз, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтты.

Әйгілі Қасым хан – Сарайшықта, Абылай хан – Бурабайда ордасын тіккені белгілі. Есілдің бойында – Кенесары хан мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін талай жорыққа шыққан. Бұл аймақ төл шежіремізде айрықша орын алады. Сондықтан Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынамын, - деді ол жиында.