$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан облысында үш бала токқа түсіп қайтыс болды – фейк

AstanaTV
15.03.2024ж. 22:35
1847
Түркістан облысында үш бала токқа түсіп қайтыс болды – фейк

Түркістан облысында үш бала токқа түсіп қайтыс болғаны туралы ақпарат - жалған. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде кәмелет жасына толмаған үш жеткіншектің токқа түсіп қайтыс болғаны жайында ақпарат тарап жатыр. 

Ер адамның айтуынша, оқиға Сарыағаш ауданында болған: Токқа қосулы тұрған телефон қуаттағышты аузына салған баланы ток ұрған. Ал, оны құтқармақ болған екі бауыры да токқа түсіп қалған. 

«Whats app» желісінде суретімен бірге тарап жатқан ақпаратты Түркістан облысының әкімдігі жоққа шығарды.

«Желіде тарап жатқан белгісіз азаматтың Сарыағаш ауданы, Абай ауылында 3 кәмелетке толмаған баланың телефон қуаттағыш (зарядка) тоғына түсіп, қайтыс болғаны туралы бейнематериалы Түркістан облысының аумағында орын алмағанынын хабарлаймыз. Тек ресми дереккөздерге ғана сеніп, жалған ақпарат таратудан бас тартуды сұраймыз» — делінген әкімдік ақпаратында.