Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Таеквандо: Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасына алғашқы жолдаманы ұтты

AstanaTV
16.03.2024ж. 09:46
584
Таеквандо: Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасына алғашқы жолдаманы ұтты

Батырхан Төлеуғали Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық құрамадағы ең жас таеквондошы шешуші айқаста Сауд Арабиясының өкілі Әли Мабрук әл-Мабруктан басым түсті. Есеп: 2-0.

Сәл ертеректе Батырхан алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен ұтып, ширек финалдан сүрінбей өткен.

Бұл таеквондодан Ұлттық құраманың Париждегі ойындарға алғашқы жолдамасы. 80 кг дейінгі салмақтағы екінші жолдаманы өзбекстандық Жасурбек Жайсунов алды.

Енді Мария Севостьянова (57 кг), Самирхон Абабакиров (58 кг), Жансель Дениз (+67 кг) өнер көрсетеді.