Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Семейде төтенше жағдай жарияланды

AstanaTV
16.03.2024ж. 13:16
516
Семейде төтенше жағдай жарияланды

Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың шешімімен Семей қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шешім жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Абай облысы Семей қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Семей қаласы әкімінің орынбасары Р. М. Досмағанбетов тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 15 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады, – делінген хабарламада.