Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

БАҚ туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының тыңдалымы

AstanaTV
18.01.2017ж. 20:00
2907
БАҚ туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының тыңдалымы

«Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша заң жобасы мамырда Парламентке жөнелтіледі. Құжатты ақпарат және коммуникациялар министрлігі әзірлеген. Бұл туралы заң жобасына қатысты кезекті тыңдалым барысында айтылды. Вице-министр Алан Әжібаевтың сөзінше, заң жобасы қазір мемлекеттік органдардың қарауында. Кейін заңдық және экономикалық тұрғыдан сараптамадан өтуі керек.

Құжаттағы ерекшеліктерге тоқталсақ, ендігі жерде ғаламтордағы мақалаға пікір қалдырған адам міндетті түрде телефон нөмірін жазуы тиіс. Ал сарапшылар жағы, бұл қарапайым халықтың аузына «қақпақ» болудың амалы, дейді.

Тағы бір айта кетер жәйт, егер заң жобасы мақұлданса, отандық телеарналарды қолдау мақсатында түнгі сағат  23:00 ден бастап таңғы 5-ке дейін әлсіз спирттік өнімдерді жарнамалауға рұқсат беріледі. Мұнан өзге мемлекеттік орган тілшілердің сауалына бұрынғыдай заңмен бекітілген 3 күн емес 15 күн ішінде жауап беруге құқылы болмақ.  Жиын қорытындысы бойынша айтылған сын-ескертпелер назарға алынатын болды.

Алан Әжібаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары:

Спирттік өнімдерді жарнамалау уақыты шектеулі болады. Бұл арналардың жарнама арқылы аз да болса қаржы табуына жол ашады. Бәрібір заң бойынша түнгі 11-мен таңғы сағат 5 аралығында спирттік өнім сатылмайды. Ал заң талқылану үстінде, біз барлық пікірлерді тыңдап, ескеретін боламыз.