Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Нұр Отан» партиясына 2016 жылы 5 мыңнан астам адам шағымданған

AstanaTV
18.01.2017ж. 20:00
2594
«Нұр Отан» партиясына 2016 жылы 5 мыңнан астам адам шағымданған

Азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру. «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалына келіп түскен өтініштердің басым бөлігі осы мәселеге қатысты. Былтырдың өзінде 5 мыңнан астам адам партияның аймақтағы өкілдігінен көмек сұраған. Шағымдардың бестен бір бөлігі шұғыл шешімін тапса, қалғаны партияның бақылауымен мемлекеттік органдардың араласуы арқылы оң шешілген. 

Айта кетейік, партияның облыстық филиалы бірқатар ұйымдармен өзара ынтымақтастық туралы келісімге келген. Соның аясында көптеген мәселе оң шешім тауып отыр, - деді филиал басшылары. Партия белсенділерінің назарында тұрған мәселелер қатарында тұрғындарды баспанамен қамту, медициналық көмек көрсету, жол құрылысы, дәрі-дәрмек жеткізу сынды сұрақтар бар. Жалақының уақытылы төленбеуі де жиі қаралатындардың санатында. Шағын және орта бизнес өкілдері бұл жағдайдың себебін қаржылық қиындыққа тап болғанмен түсіндіреді. Адал еңбегінің ақысын ала алмай жүргендердің бірі  - Иван Коцар. Бірнеше ай бойы шешілмеген мәселе тек «Нұр Отан» партиясының арқасында шешімін тапты дейді.

Иван Коцар, Қарағанды қаласының тұрғыны:

«Нұр Отан» партиясына қалай шағымдандым, мәселе бірден шешілді. Қарызымды түгел төледі. Ал «Кварц» кәсіпорында жұмыс істеген тағы 15 адамның ақшасын екі айдан кейін ғана өтеді. Тосуға тура келді.