Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматыда Mitsubishi Lancer ағашқа соғылып, бір адам көз жұмды

AstanaTV
17.03.2024ж. 10:45
1473
Алматыда Mitsubishi Lancer ағашқа соғылып, бір адам көз жұмды

Алматыдағы ірі сауда-ойын-сауық орталығына қарама-қарсы жолда апат болды. Оқиға орнына полицейлер мен "жедел жәрдем" көлігі шұғыл келіп жетті.

Mitsubishi Lancer жеңіл көлігі Сейфуллин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Мақатаев көшесіне жетпей, неге екені белгісіз жолдан шығып бар жылдамдығымен ағашқа соғылды.

Күшті соққы салдарынан көліктің корпусына айтарлықтай зақым келген. Алдыңғы әйнекке басымен қойып кетіп, сындырған жолаушы әйел дәрігерлер бригадасы келіп жеткенге дейін оқиға орнына жан тапсырды.

Оқиға орнында жол полициясының экипажы Mitsubishi Lancer көлігінің жолаушылар орындығында болдым деген ер адамды ұстады.