Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Шаңырақ күні жаңа босанған аналарға сыйлықтар табыс етілді

AstanaTV
17.03.2024ж. 13:58
1271
Шаңырақ күні жаңа босанған аналарға сыйлықтар табыс етілді

Астанада Шаңырақ күнін тойлау қарсаңында «№2 көпбейінді қалалық аурухананың» акушерлік блогында жаңа туған нәрестелердің аналары марапатталды, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Салтанатты іс-шарада Есіл ауданы әкімі Дәрменияр Қыдырбекұлы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Бауыржан Бектұрсынов жас босанған аналар мен сәбилерге туу туралы куәліктері мен сыйлықтар табыстады.

Айта кетейік, биыл Наурыз мерекесі жаңаша бағытта атап өтіліп жатыр. Наурызнаманың онкүндігін мерекелеу аясында 17 наурызда Шаңырақ күні, яғни отбасылық құндылықтардың рөлі насихатталады.