Елімізде орман өрттерімен күресу үшін халықаралық орман еріктілерінің лагері құрылуы мүмкін. Бұл туралы "Жер сағаты" Дүниежүзілік экологиялық акциясына арналған дөңгелек үстелде сөз болды. "Жастар Рухы", "Тұрақты Даму" қорының белсенділері, сондай-ақ студенттер мен оқушылар басқосқан кездесуде жас партиялықтар табиғатты қорғау жобаларын ұсынды. Сондай-ақ, өткен жылдан бері вандализммен ауқымды күрес жүргізіп келе жатқанын айтты.
Ақерке ЕСКЕНДІРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Бүгін экология, орман, су, вандализм секілді өзекті мәселелер талқыланып жатыр. "Жастар Рухы" жастар қанаты әрдайым мұндай түйіткілдерді назарында ұстайды. Қазір вандализммен күреске ден қойдық. Өткен жылдан бастап біз 2000-нан астам еріктілердің қатысуымен 500-ден астам ескерткіштерді, атап айтқанда тарихи орындарды, киелі орындарды, ұлттық саябақтарды тазарту жұмыстарын жүргіздік.