$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментіне өрт сөндіру автокөліктері табысталды

Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментіне өрт сөндіру автокөліктері табысталды

Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментіне өрт сөндіру автокөліктері табысталды. Соның есебінен сала 90 процент жаңа, заман талабына сай техникамен қамтамасыз етіліп отыр. «Бұл күн-түн демей от пен судың ортасында жүрген мамандарға үлкен қолдау» дейді төтеншеліктер.

Аймақтың төтенше жағдайлар саласына соңғы 3 жылда 11 бірлік техника сатып алынған. Мереке қарсаңында олардың қатары тағы 17-ге толықты. Оның 3-еуі республикалық бюджет есебінен алынған. Ал қалғанына облыс тайқазанынан 1 млрд 900 млн теңге бөлінген. Соның есебінен жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін өрт сөндіру көліктері ғана емес, өзге де заманауи техинкалар сатып алынған.

Руслан ҚАЙРАҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ:

Момоноторинг жұмыстарын жүргіземіз. Тозығы жеткен аудандардағы техникаларды ауыстыратын боламыз. Барлық 7 ауданға да беріледі. 12 өрт сөндіру цистерналары, 1автолесница. Және де бір жарықтандыру мен құлақтандыру автокөлігі.

Алдағы уақытта қаланың сол жағалауынан өрт сөндіру депосын салу жоспарланып отыр. Салаға көрсетілетін қолдау бұнымен шектеліп қалмайды.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Арал ауданы Сексеуіл кентіне 2 шығысқа арналған тез құрастырмалы өрт сөндіру депосын салу да біздің жоспарымызда бар. Бұл өңіріміздің ТЖ саласында қызмет етіп жүрген құтқару саласы қызметкерлері үшін үлкен қолдау деп білеміз. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра беретін боламыз.

Шара соңында өзгенің өмірі үшін аянып қалмайтын бірқатар төтеншелік арнайы алғыс хаттармен мараптталды.