Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған Президент тапсырмалары мен бастамаларын орындау мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Ерлан Қарин Президенттің Атырауда өткен құрылтайдағы сөзінде мәдени-гуманитарлық және идеологиялық саладағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалық тың тәсілдері айқындалғанын атап өтті.Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға Парламентпен бірлесе отырып, есірткі өндіретін адамдарға жауапкершілікті қатаңдатуға қатысты, сондай-ақ мемлекеттік наградалар, ономастика, археологиялық қызмет туралы заңнамаға және басқа да заң жобаларына түзетулер енгізу жөнінде тапсырма берілді. Сонымен қатар лудоманиямен күресу үшін кешенді бағдарлама әзірлеу тәсілдері қарастырылды.