Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар ерте зейнетке ерте шығару мүмкін бе?

AstanaTV
18.03.2024ж. 17:08
653
Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар ерте зейнетке ерте шығару мүмкін бе?

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың бірін ерте зейнетке ерте шығару мәселесі қарастырылатынын жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжілісте депутат Дәулет Мұқаев мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың мәселесін көтерді.

"Аутизм, церебральды сал ауруына (ДЦП) шалдыққан балаларға өмір бойы ересек адамның күтімі керек. Оның жанында адам жүруі қажет. Осыған байланысты олардың ата-аналарының біреуінің зейнет жасын төмендету жағын қарастырып отырсыздар ма? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен бірге кешенді жұмыс жүргізуді жоспарда бар ма?", - деді депутат.

Министр аталған мәселе қарастырылатынын жеткізді.

"Мен бұл ұсынысты алғаш рет естідім. Негізі мәселені зерттеуге, ұсынысты қабылдауға болады. Біз ұсынысты қарастырымыз", - деді Ақмарал Әлназарова.