$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тереңдігі 40 метр: Түркістан облысында келіншек құдыққа құлап көз жұмды

AstanaTV
19.03.2024ж. 09:00
787
Тереңдігі 40 метр: Түркістан облысында келіншек құдыққа құлап көз жұмды

Түркістан облысында тереңдігі 40 метрлік құдыққа құлап кеткен 29 жастағы келіншек көз жұмды. Бұл туралы  КТК телеарнасы хабарлайды.

Оқыс оқиға 18 наурыз күні таңертең Түлкібас ауданындағы Майлытөбе ауылында болған.

Марқұм ашық алаңда тұрған дренаж құдыққа құлаған. 40 метр тереңдікте ауа болмаған соң, құтқарушылар арнайы құрылғымен оттегіні жіберіп отырды. Арада үш сағат өткен соң беліне арқан байлаған құтқарушылардың бірі тереңде жатқан адамды алып шыққан. Алайда жер бетіне шығарылған келіншек көз жұмды. Қазір оны әлдекімнің итеріп жібергені әлде байқаусызда құлағаны тексеріліп жатыр.