$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шахта құлап, 13 адам үйінді астында қалды

AstanaTV
19.03.2024ж. 10:36
1085
Шахта құлап, 13 адам үйінді астында қалды

Ресейге қарасты Амур облысында гидрометаллургиялық зауыттың шахтасы құлап, кеншілер үйінді астында қалды, деп хабарлайды EL.kz.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Бұл туралы Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеген. Үйінді астында қалған адамдарды іздеу үшін сол жерге тау-кен құтқарушылары жіберілді.

"Оқиға орнына Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің 25 құтқарушысы мен төрт техника жұмыс істеп жатыр. Зея муниципалды округінде жерасты кенішінде тау жынысы опырылды. Алдын ала болжам бойынша, үйінді астында 13 адам болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Ресми ақпаратқа сәйкес, кәсіпорын вентиляциялық еңіс бойына құтқарушылар тобын жіберген, сонымен қатар кеншілермен байланыс қалпына келтіріліп, көлік жолы тазартылып жатыр.