Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматылықтар қараусыз қалған алма бағын сақтап қалуды сұрайды

19.03.2024ж. 20:00
230
Алматылықтар қараусыз қалған алма бағын сақтап қалуды сұрайды

Алматы тұрғындары қараусыз қалған алма бағын сақтап қалуды сұрап отыр. Осы өтінішпен олар «АМАНАТ» партиясы жанындағы «Жер Аманаты» комиссиясына жүгінді. Ремизовкадағы қараусыз қалған бақтың ауданы 96 гектар. 2000–шы жылдардың басында мұндағы бірқатар учаскілердің нысаналы мақсаты заңсыз өзгеріске ұшыраған. Сөйтіп бұл аумақ жекенің қолына өтіп кетті. «Болашақта мұнда тұрғын үй салу жоспарланғанымен, қазір бұл бақ бұзақылардың мекеніне айналды»,- дейді жұрт. Сөздерінше, жерді тез арада мемлекет меншігіне қайтару керек.

Ернар САЙЛЫБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біз осы жердің тарихи ландшафтын сақтап қалуды сұраймыз. Кеңес Одағы кезінде егілген бақтың күйі қазір мүшкіл, күтімді қажет етеді. Біз алматылықтардың осы аймақтағы биоалуантүрлікті сақтауға ықпал ету мүмкіндігіне ие болуы керек деп есептейміз.

Мәселені «AMANAT» партиясы өз бақылауына алды. Партия жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының көшпелі отырысы өтті. «Басқосу қорытындысы бойынша хаттама әзірлеп, тиісті ұсынымдарды жауапты органдарға жолдаймыз»,- дейді партиялықтар.

Қуаныш ТӨЛЕПОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

898 Өтініш иелерінің атынан немесе қоғамдық бірлестіктің атынан арнайы хат әзірлеп , сол мәселені шешу бойынша и кадастрлік номерлерін тексеру бойынша Жер ресурстарын басқару департаментіне арнайы хат әзірлейді. Хаттың қорытындысы бойынша департамент арнайы тексерістер жүргізіп, қорытындыларын біз «Жер аманаты» комиссиясында қарап, әрі қарай тиісті шаралар қабылдайтын боламыз.