Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"Мемлекет басшысы құрылтайда көтерген мәселелер бәріміз қалыптастыруға тиіс жаңа әлеуметтік этиканың контурын айшықтайды",-Е.Қарин

19.03.2024ж. 20:00
326
"Мемлекет басшысы құрылтайда көтерген мәселелер бәріміз қалыптастыруға тиіс жаңа әлеуметтік этиканың контурын айшықтайды",-Е.Қарин

"Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен отырысының басты ерекшелігі – Мемлекет басшысы осыған дейін айтқан идеологемаларды қорыта келе, жалпыұлттық құндылықтардың нақты тізімін ұсынғанында". Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деп пікір білдірді. "Бұл құндылықтар қазіргі кездегі идеологемаларды ғана емес, сонымен бірге бәріміз қалыптастыруға тиіс жаңа әлеуметтік этиканың контурын айшықтайды",-деді ол. Осы арқылы мемлекеттің білім беру саласындағы, өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі және мәдени-ағарту жұмысындағы басты бағдарын айқындайтынын айтты.

Ерлан ҚАРИН, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Мемлекет басшысы құрылтайда сөйлеген сөзінде «Біздің алдымызда үш айрық жол тұр: құлдырау, тоқырау немесе өрлеу. Біз әрдайым өрлеуді таңдаймыз», – деді. Өрлеуге ұмтылу – елдің дамуына кедергі келтіретін барлық нәрседен бас тартуды ғана емес, барша азаматтардың өзін-өзі дамытуға деген белсенді ұмтылысын да білдіреді. Сондықтан бұл құндылықтар, қоғамда бүкіл еліміздің және әрбір азаматтың мүддесін тоғыстыратын прогрессивті мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруды көздейді.