Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Павлодарда ұмыт болған ұршық қайта жаңғырды

19.03.2024ж. 20:00
281
Павлодарда ұмыт болған ұршық қайта жаңғырды

Ұмыт болған ұршық қайта жаңғырды. Павлодарда алғаш рет ұршықшылар фестивалі өтті. Оған 35 қолөнер шебері қатысып, ұршық иірудің қыр сырын көрсетті. Қазір бұл ұмытылып барады. Бұрынғыдай ұршықпен жүн иіру жоқтың қасы. Ұйымдастырушылар қазақтың осы дәстүрін қайта жаңғыртуды мақсат еткен.

Алтынай СЕСЕРХАН, ҰРШЫҚШЫ:

Жалпы ұршықтан иіріп, бұрынғы апаларымыз сырмақ жасаған. Енді үлкендердің жолын жалғап, кішкентай кезімізде үйренген ұршықты қайта жаңғыртайық деп келіп тұрмын. Қазіргі уақытта үйде енеммен бірге тұрам. Енеміз сырмақ жасайды. Ұршықпен жіп иіріп, қолөнермен айналысады. Сол кісіге көмектесіп, анда-санда істеп тұрамыз.

Ұршық - ғасырлар бойы қазақ әйелдері қолданған қолөнер құралы. Онымен қойдың жүнін иіріп, жіп жасау арқылы тұрмысқа қажетті бұйымдарды жасаған. Тіпті, осы ұршықпен бір отбасын да асыраған кездер де болыпты.

Жаңыл ТІЛЕУБЕКҚЫЗЫ, ҰРШЫҚШЫ:

90 жылдары тоқырау кезінде осы жіпті иіріп, нан тапқан күндеріміз болды. Нәски, биялай, сәлі, жемпірге дейін тоқып, соны сатып шешеме көмектесіп, үлкен семьядан шықққанбыз. Сол семьямызға нан тапқан күніміз болды. Өзім ұршықты қадірлеймін.