Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Отандық спортшылар батутты гимнастикадан Әлем кубогына қатысады

AstanaTV
20.03.2024ж. 08:07
387
Отандық спортшылар батутты гимнастикадан Әлем кубогына қатысады

Отандық спортшыларымыз батутты гимнастикадан Әлем кубогына қатысады, деп хабарлайды Спорт және дене шынықтыру істері комитетін.

Батутты гимнастикадан Париж Олимпиадасына ұпай жинауға мүмкіндік беретін кезекті әлем кубогының кезеңін 22-24 наурыз күндері Котбус (Германия) қаласы қабылдайды.

Аталмыш бәсекеге Қазақстан атынан Данил Мұсабаев, Пирмаммад Алиев, Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов, Никита Тумаков қатысады.

2024 жылы әлем кубогының алғашқы кезеңі ақпан айында Әзірбайжан елінде өтіп, Қазақстан құрамасы (Данил Мұсабаев пен Пирмаммад Алиев) күміс медаль иеленген болатын.

Әлем кубогының шешуші кезеңдері маусым айында Швейцарияда және шілдеде Португалияда өтеді.