$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Температура 10-18℃-қа дейін төмендейді": Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

AstanaTV
20.03.2024ж. 15:51
588
"Температура 10-18℃-қа дейін төмендейді": Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер Қазақстан аумағы бойынша 21-23 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Болжамға сәйкес, еліміздің батысы мен солтүстігінде аяз болуы мүмкін.

“Алдағы мереке күндері Қазақстанның ауа-райы екі түрлі барикалық алқап қалыптастырады. Антициклон жотасының әсерінен еліміздің батысы мен солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Сондай-ақ түндесынап бағанасы 10-18 градус аязға дейін төмендейді. Бірақ күндіз күн жылып, температура нөлден жоғарылайды”, – делінген хабарламада.

Республиканың орталық, оңтүстік және шығыс аймақтары циклонның ықпалында болады. Циклон ылғалдың көп мөлшерімен шығыс бағытқа жылжып, салдарынан қатты жаңбыр жауады. Кей таулы аймақтарда өте көп мөлшерде қар аралас жаңбыр жауып, желдің күшейеді. Қазақстанның барлық өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады.