Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қызылордалық Светлана Князева Наурыз мейрамын асыға күтеді

Қызылордалық Светлана Князева Наурыз мейрамын асыға күтеді

Қызылордалық Светлана Князева да - Наурыз мейрамын асыға күтетіндердің бірі. Ұлты орыс болғанымен, бұл ерекше күнді ол жатсынбайды. Қызу дайындық жасап, дастарханын дәмге толтырады.

Светлана Князеваның ұлты орыс болғанмен, жаны қазақ болып кеткен. Қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, 3 бала сүйіп отыр. Үш ұлынан үш келіні бар. Біреуі ғана орыс, қалған екеуі қазақ. Бұл отбасы үшін Наурыз мерекесінің мән маңызы ерекше. Таң атысымен қазан көтеріп, ұлттық тағамдар дайындалады.

Светлана КНЯЗЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Орысұлты болғанымен де бөлінбей. Көрші-көлем, нешетүрлі қазақ, кәріс, орыс, неміс,молдаван нешетүрлі болғаннан кейін бәріміз бірдей осылай Наурыз болсын, басқаболсын той-томалақта бәріміз ет асып, бауырсақ пісіріп, бір-бірімізге атсалысып. Наурыз көже істеп, бір-бірімізге қыдырамыз, араласамыз.

Ал наурыз көжеге барлық көрші-қолаң, жора жолдас жиналады. Светлананың достары де өзісекілді өзге ұлттың өкілдері. Бірақ,барлығы да бір үйдің баласындай болып кеткен. Жыл сайынғы дәстүр бойыншанаурызда бас қосып, арқа-жарқа болады.

Гүлузим КОКШАРОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Әркөршілер жиналып, бір қазанға әркім өз үйінен көже істеп әкеліп соны қосып, бірқайнатып жіберіп өздері еліміз тоқ болсын, жеріміз мығым болсын, әртүрлі, бүкілжақсылықты тілейді.

Светлана –қазақы ауылда өсіп-өніп, қазақ әулетінің түтінін түтетіп отыр. Сондықтан да қазақтың салт-дәстүріне қанық. Қонақ келсе, құт келді деп қазан ошағын ала жүгіреді. Алдастарханы батасыз жиылмайды.