Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Ақтөбеде ақ халатты абзал жандар наурыз мерекесін атап өтті

21.03.2024ж. 12:00
199
Ақтөбеде ақ халатты абзал жандар наурыз мерекесін атап өтті

Ақтөбеде тәулік бойы кезекшілікте болып, жедел жәрдем қызметінде еңбек ететін дәрігерлер де наурыз мерекесін атап өтуде. Жедел жәрдем бекетінде киіз үй тігіліп, концерттік бағдарлама мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Дәрігерлер бүгін ақ халаттарын ұлттық киімге ауыстырып, өздерін өзге қырынан көрсете білді. Ән айтып, домбыра шертіп, ұлттық би биледі. Салт-дәстүрді сахналап, театрландырылған қойылым қойды. Арқан тартыс, гір көтеру бойынша бақ сынап, шаш өруден, кесте тігуден сайысты. Мерекеге аудандардан да дәрігерлер арнайы келген.

Ғабит ЖҰБАНЫШЕВ, ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДӘРІГЕРІ:

Мен қырық жыл дәрігер педиатр болып скорыйда жұмыс істеймін. Жыл ма жыл наурыз осылай тойланады. Аманшылық болсын. Аспанымыз ашық, жұртымыз тыныш, отбасыларға аманшылық құт-береке берсін.

Қайрат САБЫР, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Тілегіміз бір біріншіден еліміз аман болсын! Әр отбасыға ырыс-ынтымақ, құт-береке, зор денсаулық, ашық аспан. Қазақстанымыз гүлдене берсін!