Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Павлодарда тақия тігуден қыздар арасында сайыс өтті

21.03.2024ж. 15:00
175
Павлодарда тақия тігуден қыздар арасында сайыс өтті

Павлодарда тақия тігуден қыздар арасында сайыс өтті. «Тақиялы қыз –трендте» деген атаумен өткен жарысқа 10 оқушы қатысып, бақ сынады. Басты мақсат ұлттық бас киімізді дәріптеп, жастардың ісмерлік шеберлігін шыңдау. Даяна Қайролла – 9-сыныпта оқиды. Ол сайысқа өзі тіккен заманауи тақияны алып келген. Түрлі әшекейлермен көмкерген. Бастысы әдеттегі тақиялардан ерекше.

Даяна ҚАЙРОЛЛА, ОҚУШЫ:

Қазіргі тақияларды барлық адамдар көреді біледі. Мен бір оны кішкене ерекшелегім келді да, осылай таңдадым. Бисермен, қазіргі таңда дамыған ғой. Өзім айналысқанды ұнатам.

Сайысқа қатысушылар екі кезең бойынша өзара сынға түсті. Бірінші кезеңде өздері үйден тігіп әкелген тақияларын таныстырса, екінші кезеңде қолдарына ине жіп алып, тақия тікті. Өзінің ісмерлігімен көзге түскен 6-сынып оқушысы Нұрай Әмірәлі жеңімпаз атанды.

 Нұрай ӘМІРӘЛІ, ОҚУШЫ:

Осы тақияда мен әр түрлі материалдарды қолдандым. Осы тақияны мен күміс фурниртуралармен, әр түрлі бирсерлермен безендірдім. Осы тақиямның негізгі элементі ою болып саналады. Және төбесіне осындай үкінің қауырсынын орнаттым.