$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарлықтар наурызды ауыл-ауыл болып тойлап жатыр

21.03.2024ж. 15:00
499
Павлодарлықтар наурызды ауыл-ауыл болып тойлап жатыр

Павлодарлықтар наурызды ауыл-ауыл болып тойлап жатыр. Қаладағы 19 шағын ауданда мерекелік атмосфера сезіледі. Киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылды. Өңірдегі тілшіміз Өзгеріс Қуанар мерекелік көңіл күйді жеткізеді.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Наурызды павлодарлықтар ерекше сән салтанатпен атап өтіп жатыр. Шағын аудандарда осындай ақ шаңқай киіз үйлер тігілген. Мұнда қазақтың ұлттық салт дәстүрімен танысуға мүмкіндік бар. Бұдан бөлек концерттік бағдарлама мен спорттық жарыстар да ұйымдастырылған.

Биылғы наурыздың ерекшелігі мерекені ауыл ауылға бөлініп тойлауда болып отыр. Қаладағы 19 шағын ауданда мерекелік атмосфера сезіледі. Ұлттық ойындар ойналып, қазақша күрестен палуандар сынға түсті.

Тілек ҚАУСЕЛҰЛЫ, ПАЛУАН:

Осы мерекеге Майқайың кентінен Керегетас зауытынан келіп отырмыз. Жалпы бәрі жақсы өтуде. Күрес түрінен келіп қатысып жатырмыз. Асық, қошқар көтеру, ұлттық ойындарды насихаттап соған қатыссақ деген ниетіміз бар.

Қыстан қысылып шыққан жұртқа бүгінгі ауа райы да тамаша көңіл күй сыйлағандай. Күн шығып, жадырап, сала берді.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Наурыз мейрамы құты болсын! Әрқашанда осындай жақсылық әкелсін. Келесі жылда осындай ашық күн болсын!
- Көңіл күйіміз өте жақсы. Наурыз тойлау өте ұнайды. Біз жанұямызбен мерекені көруге келдік. Бәрі ұнап жатыр. Қазақстан тек жаңара берсін! Тек жақсылық болсын! Наурыз құтты болсын!

Наурызға арналған негізгі іс шаралар легі ертең орталық алаңда өтеді. Этно қалашықта тұрғындар киіз үйдегі көрмелерді тамашалап, алтыбақан тебуге мүмкіндік бар. Ұлттық ойындардан бөлек қазақ батырларының шеруі де ұйымдастырылатын болады.