Иә, Ұлыстың ұлы күніне арналған шаралар халықтың көңілін көтеріп, салт-дәстүрлер ұлықталуда.
Мәселен, Қазақ елі монументі алаңында әрбір дәстүрдің тарихы түсіндіріліп, жөн-жоралғысы үйретілуде. Қалалықтар оны қалай қабылдап жатыр? Оны тілшіміз Сүндет Оралбек жеткізеді. Сүндет, тікелей эфирдесіз.
Сүндет ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:
Мен тұрған Қазақ елі Монументінің алаңында наурызды тойлауға келгендердің қарасы қалың. Ұйымдастырушылар шамамен 5000мың адам келді дейді. Барлығының да көңіл күйі көтеріңкі. Қазір мұнда 9 киіз үй тігіліп, ақ дастархан жайылған. Әр шаңырақтың өз атауы мен мағынасы бар. Басым бөлігінде Қолөнер көрмелері өтуде. Онда зергерлік бұйымдар, керамика, тоқыма бұйымдар мен музыкалық аспаптар саудалануда. Сондай-ақ Этно-ауылдар ашылып, беташар, тұсаукесер секілді рәсімдер көрсетілуде. Қазір менің қасымда дәстүрімізді дәріптеп жүрген Гүлжан ханым тұр. Жалпы мерекелік шара қалай өтіп жатыр?
Сүндет ОРАЛБЕК, ТІЛШІ:
Ұлттық спортымызда ұлықталып жатыр. Балуандар боз кілемде белдессе, білек күшіне сенгендер гір тасын көтеруде. Бұдан бөлек, асық ату, арқан тартыс, алтыбақан, қол күрес секілді ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылған. Ал сахна төрінде өнер жұлдыздары өз тартуын арнауда. Мерекелік концерт 3 күнге созылады деп жоспарланған. Қазір қаланың 5 ауданында 30-дан астам іс-шара өтіп жатыр.