Ал Астанадағы орталық саябақта палау фестивалі өтті. ТМД мемлекеттерінен келген аспаздар бес қазан палау әзірлеп, халыққа ұсынды.
Айдана ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:
Бүгін ауа-райы тамаша. Орталық саябақта Ұлыстың ұлы күніне қала тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттік бағдарлама өтіп жатыр. Сонымен қатар ұлыс өкілдері киіз үй тігіп, өздерінің ұлттық тағамдарын әзірлеп халыққа ұсынуда.
1 тонна палау әзірленді. Оны Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Әзірбайжан елдерінен келген аспаздар дайындады. Бұдан бөлек, 18-нші ғасырлық тарихы бар қара қазанда хан сорпасы әзірленді.
Ернар МЫРЗАХАН, НҰРА АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Екі күнде есептегенде 3000 порцияға жуық палау әзірленді. Одан басқа кәуаптар, наурыз көже, самса және басқада түрлі-түрлі тағамдар жасалып сатылуда.
Мейрамға Тәжікстан мен Иран елшіліктері атсалысқан. Олар ұлттық нақыштағы киіз үйлерді безендіріп, өз мәдениеттеріндегі Наурыздың айырмашылығы мен ерекшеліктерін жеткізді.
Сәуле БАЙБЕКОВА, ИРАН ЕЛШІЛІГІНІҢ ХАТШЫСЫ:
Әрбір Ирандық үстелге мейрам күні С-әрпінен басталатын 7 түрлі тағам қояды. Майшам иран тілінде –сип, сірке – жақпа май, сир-бұл сарымсақ, қызыл бұрыш – сомақ. Бұл заттар жақсылық, денсаулық, иоқшылық, бақыт ұғымдарын білдіреді.
Қонақтар тақырыптық фото аймақтарда, ұлттық киіз үйлерде батырлармен, домбырашылармен, тазы және бүркітпен естелік суретке түсті.