Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

"Жауапкершілікті өзіме аламын": Магомед Адиев Грекияға қарсы матч туралы мәлімдеме жасады

AstanaTV
22.03.2024ж. 22:21
303
"Жауапкершілікті өзіме аламын": Магомед Адиев Грекияға қарсы матч туралы мәлімдеме жасады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Грекияға қарсы матч туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Сынды қалай қабылдаймын? Бізге ұзақ уақыт бойы мақтау айтып, қолдау көрсетті. Сол үшін үлкен алғысымды білдіремін. Қазақстан мен үшін көп нәрсе жасады. Ертеңгі сынды абыроймен қабылдаймын. Мен бүгін-ақ отставкаға кетер едім. Мені тежейтін жалғыз нәрсе – федерацияға деген көзқарасым. Мен жай ғана шешім қабылдай алмаймын. Карт-бланш сыншылардың қолында. Ойынның басында қиын жағдайға тап болдық. Алғашқы минуттардан қысым болатынын көп айттық. Өкінішке қарай, төтеп бере алмадық. Қарсылас есеп айырмасын ұлғайта түсіп, біздің ойынға қайта оралуымызға мүмкіндік бермеді. Біз көп қателік жібердік. Мұндай ойынмен ештеңеден үміттене алмаймыз. Мұндай мүмкіндіктің бар екенін түсіндік. Жігіттерге дұрыс жеткізе алмадым деп санаймын. Жауапкершіліктің барлығын өзіме аламын", – деді Магомед Адиев.