$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Түркістан облысында екі ауылдағы көпірді су алды

AstanaTV
23.03.2024ж. 10:00
737
Түркістан облысында екі ауылдағы көпірді су алды

Қатты жауын-шашын салдарынан Түркістан облысында екі ауылдағы көпірді су алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы арнасының хабарлауынша, жергілікті әкімдік өкілдері мен төтенше жағдай қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Әкімдіктің хабарлауынша, Созақ ауданы, Қаратау ауылдық округі, Бақырлы ауылында жауын-шашынның қатты жаууына байланысты, ауылға кіреберістегі көпірді су шайып кеткен.

«Елдімекенді су басу қауіпі жоқ. Қазіргі уақытта жауын-шашын тоқтаған. Жергілікті атқарушы орган тарапынан көпірді қалпына келтіру жұмыстары қарастырылуда. Оқиға орнында құзырлы органдар, төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, әкімдік өкілдері жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.

Дәл осы күні таңда Кентау қаласы, Қарнақ ауылының Байылдыр өзенінде тау суы ағып, жауын-шашынның мөлшерден мол түсуіне байланысты өзендегі су деңгейінің көтерілді. Салдарынан Қарнақ ауылының жол көпірін (көпірдің ұзындығы 30м, ені 10 м) ішінара су алған. Қазіргі таңда елдімекенге қауіп жоқ.

Көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті әкімдік, төтенше жағдай департаменті тиісті жұмыстарды ұйымдастырып жатыр.