Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Каспий теңізінде жер сілкінісі болды

AstanaTV
25.03.2024ж. 00:29
1952
Каспий теңізінде жер сілкінісі болды

Каспий теңізінде магнитудасы 3,0 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Cейсмологиялық қызмет орталығының жер сілкінісін зерттеу бюросы мәлім етті.

Жер сілкінісі 24 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 04:47-де Каспий теңізінде, «Сиязань» сейсмологиялық стансасынан шығысқа қарай 220 шақырым жерде тіркелген.

Жер сілкінісінің ошағы 28 шақырым тереңдікте орналасқан.