Министрліктің дерегінше, 2023 жылмен салыстырғанда 1,9 есе көбейген. Осы ретте денсаулық министрлігі А вирустық гепатитінің берілу жолдарын атап берді.
"А вирустық гепатиті лас сумен, ластанған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі. Бұл кезде дене қызуы көтеріліп, бас ауырады. Тәбет төмендеп, енжарлық болады. Жүрек айнып құсады. Инкубациялыұ кезең – 14 күннен 35 күнге дейін жалғасады", - деді министрліктің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін 2 аптада және бір аптадан кейін басқаларға жұқпалы болады.
Министрдік адамдар вакцина салдырған кезде ғана А вирустық гепатитінен қорғана алатынын жеткізді.
"Вирустың ағзаға енгені байқалмай қалуы да мүмкін": Елімізде гепатит жұқтырғандар саны бір жылда төрт есе өсті
Астанада екі жасөспірім АИТВ жұқтырған
"Екі жастағы балалар және инфекция ошақтарындағы байланыстағы адамдар екпе салдыру қажет", – делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар ведомство гепатит инфекциясынан қалай сақтануға болатынын жіті айтып берді.
"Тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда және серуеннен келген кезде қолыңызды жуыңыз. Ашық су қоймаларынан қайнатылмаған су ішпеңіз және онымен жемістер мен көкөністерді жууға болмайды. Ластанған су айдындарында шомылуға тыйым салынады", – деді баспасөз қызметі.
Еске салайық, Ақтауда мектеп оқушылары А гепатитіне қарсы екпеден кейін өздерін нашар сезінді. Ақпанның 23-і күні Ақтаудағы мамандандырылған IT лицейінің екі оқушысы А гепатитіне қарсы екпеден кейін өздерін нашар сезініп, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлердің айтуынша, облыстық аурухананың реанимация бөлімінде балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, тексерістен кейін психоэмоционалды күйзеліс анықталды. Жағдайлары жақсарғаннан кейін ата-аналары балаларды ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Науқастар амбулаторлық емделуге жіберілген.